19 қыркүйекте Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз +15...+20°C, облыстың оңтүстігінде +12 °C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы +17...+19 °C-ты көрсетеді.