19 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерінде жаңбыр жауады
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10…+15°C, күндіз +17…+22°C-қа жетеді.
Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық аудандарда тұман күтіледі.
Ал Павлодар қаласында жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +20…+22°C болады. Түнде тұман түсуі ықтимал.