18 ақпанда Павлодар облысында тұман болады

18 ақпанда Павлодар облысында тұман болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде -15...-20, облыстың солтүстігінде -12, күндіз -5...-10 градус  көрсетеді.

Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -15...-17, күндіз -8...-10 градус аяз күтіледі.