2 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауып, ыстық ауа райы сақталады
Күндіз сынап бағанасы ...+32°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде +17...+22°C жылы болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Батыста тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +27...+32°C дейін ысиды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.
Ал Павлодар қаласында түнде +18...+20°C жылы болса, күндіз сынап бағанасы +29...+31°C дейін көтеріледі.
Көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.