2 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0...+5°C аралығында болады. Батысы мен солтүстігінде -3°C-қа дейін үсік жүреді.
Облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысы мен орталығында тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +12...+17°C болады. Солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C, үсік кезінде -1°C болады. Аспанды бұлт аралайды, жауын-шашынсыз. Тұман түседі.
Күндіз Павлодарда +14...+16°C жылы болады. Аспанды бұлт аралайды, жауын-шашын күтілмейді.