20 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады

20 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде +10...+ 15°C, күндіз + 18...+ 23°C көрсетеді. 

Жаңбыр күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды.

Павлодарда түнде + 11...+ 13°C, күндіз + 20...+22°C жылы болады.  Күн бұлттанып, жаңбыр жауады, күн күркірейді.