20 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін

20 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы ...+28°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C болады, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+28°C. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

Павлодар қаласында түнде +5...+7°C. Күндіз +24...+26°C олады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.