21 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады

21 мамырда  Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жел күшейеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 16-21 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде аздаған жаңбыр жауады.  

Сынап бағанасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус көрсетеді.