19 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

Түнде сынап бағанасы +20...+25, күндіз +33...+38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрді құрайды.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +22...+24, күндіз +35...37 градусқа дейін ыстық болады.