24 қарашада Павлодар облысында тұман күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде ауа температурасы -2…+3 °C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп болжануда.
Павлодарда сынап бағанасы +1…+3 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.