28 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Күндіз сынап бағанасы ...+26°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +12...+14°C, жауын-шашын ықтималдығы төмен болады. Күндіз +25...+26°C дейін жылынады. Облыстың батыс және оңтүстік-батыс аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 6-8 метр, күндіз облыстың батысында екпіні 22-28 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +12...+14°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +25...+26°C. Ауыспалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр және найзағай болады деп болжануда.