28 маусым күні Павлодар облысында күн күркіреп, бұршақ жауады

28 маусым күні Павлодар облысында күн күркіреп, бұршақ жауады
Фото: Константин Шелков

Өңірдің шығыс бөлігінде жауын күтіледі, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, басым бөлігінде 15-20, күндіз батыс бөлігінде, облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін барады. 

Түнде ауа температурасы 11-16, күндіз 17-22 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында күн бұлттанып, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы 13-15, күндіз 20-22 градус болады.