Павлодарда қоғамдық көліктер 2GIS қосымшасына қосылады

Павлодарда қоғамдық көліктер 2GIS қосымшасына қосылады

Бұл қоғамдық көліктердің нақты қозғалыс уақытын білуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповтың мәлімдеуінше, компания өкілдерімен және автокәсіпорындармен бірлесіп мәселені шешу жолдары талқылануда.

- Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 2GIS компаниясының өкілдерімен және автокәсіпорындармен бірлесіп 2GIS қосымшасында қоғамдық көліктердің GPS-жүйелерін интеграциялау мәселесі қарастырылуда, - деді ол.

Обылыс орталығының басшысы жақын арада бұл қосымшада қоғамдық көліктердің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі пайда болатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov