28 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13... +15, күндіз +23... +25 градус болады.