28 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында-15-20 метрге дейін барады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Қазгидрометтің" ақпараты бойынша, облыс аумағында температура түнде +11...+ 16°C көрсетеді, облыстың солтүстік жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +23...+ 28°C ыстық, облыстың батысында жаңбыр, найзағай болжанады.
Павлодарда түнде + 12...+14°C, құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз +25...+27°С ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.