Екібастұзда өткен веложарысқа джиу-джитсудан әлем чемпионы қатысты
Спорттық мереке Қазақстан халқының бірлігі күніне және велосипед маусымының ашылуына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шараны «8 Миля» спорттық велоклубының жетекшісі Анатолий Пырлик және мәдениет және спорт бөлімі ұйымдастырған. Стартқа жүзден астам велошабандоз шықты.
– Біздің жүгірісімізге әрдайым белгілі адамдар қатысады, – деді қала әкімдігінде. – Бұл жолы бізбен бірге джиу-джитсудан әлем чемпионы Диас Еренғайыпов велосипедке отырды. Ол өзінің тығыз жаттығу кестесіне қарамастан, қалалық велосипедпен жүруге уақыт тауып, алғашқылардың бірі болып мәреге жетті.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар 76 жастағы Сүйіндік Жүсіпбеков – «Ең ересек қатысушы», 11 жастағы Жәния Қаңтарбай – «Ең жас қатысушы», Мирас Қанат – «Жеңіске деген жігер үшін», павлодарлық Николай Шелковников «Ең тәртіпті» номинацияларына ие болды. Диас Еренғайыпов – «Велошеру ханзадасы», ал Дарья Куценко «Велошеру ханшайымы» атанды.