Павлодар облысының әкімі «Ertis» телеарнасын 60 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол телеарнаның қызметкерлері мен ардагерлеріне жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Асайын Байханов жеке парақшасында телерадиокомпанияның 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– «Ertis» телеарнасының тарихы – өңірлік телевизияның қалыптасу шежіресі. Осы жылдар ішінде арна алғашқы хабарлардан бастап, заманауи цифрлық дәуірге дейінгі ұзақ жолдан өтті, – деді облыс әкімі.
Оның сөзінше, бүгінде телеарна Павлодар өңірінің қоғамдық, мәдени және рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
– «Ertis» өз дәстүрлеріне адал бола отырып, жаңа идеялар мен инновацияларды сәтті енгізіп, тың форматтар мен көрермен жүрегіне жол тапқан жобаларды жүзеге асырып келеді. Арнаның эфирінен өңірдің тынысы, елдің дамуы мен халық өмірінің айқын көрінісі байқалады, – деп атап аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Асайын Байханов арна ардагерлеріне айрықша алғыс білдіреді.
– Сіздер өз кәсібиліктеріңізбен, еңбектеріңізбен және телемәдениетке деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізбен мықты іргетас қалап, бүгінгі жас телемамандардың жетістіктеріне жол аштыңыздар. Эфирлеріңіз әрдайым шынайы оқиғалар мен жылы сезімге толы болып, туған жердің көркеюі мен еліміздің дамуын жарқын көрсете берсін! Ертіс-Баян өңірінің рухын асқақтатып, халықтың сүйікті арнасы болып қала беріңіздер! – деді ол.
Облыс әкімі «Ertis» телеарнасына шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және көрерменнің шынайы ризашылығын тілейді.