Әлеуметтік желідегі ереуілшілер екібастұздық кеншілер емес
Онда оншақты адамның жиналып, шу көтерген бейнеролигі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Видеода "БАС Карьер" ЖШС – нің жалақысы мен еңбек жағдайларына, сондай-ақ Шахтер күніне орай төленбеген сыйлықақыға наразы ереуілге шыққан кеншілер екендігі көрсетілген. Бірақ компания бұлай емес деп мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларда жарияланған " БАС Карьер" ЖШС жалақыны уақтылы төлемегені, серіктестік қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын жасамайтыны шындыққа жанаспайды", – деп түсіндірді компания.
"БАС Карьер" ЖШС логистикамен айналысады. Яғни 2020 жылдан бастап "Ангренсор Энерго" ЖШС кіретін жер қойнауын пайдаланушыларға көліктік-сервистік қызметтер көрсетеді.
Компания жиналған адамдардың кеншілер емес, жүргізушілер екенін анықтаған. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейді.
"Сәуір айында өндірістік персоналға еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге бағытталған жемісті жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі көрсеткіші жалақыны 20 пайызға арттыру. Бүгінгі таңда өндірістік персоналдың орташа жалақысы 400-ден 450 мың теңге", - деп толықтырды "БАС Карьер"ЖШС. – 27 тамыздағы жағдай бойынша қызметкерлерге жалақы төлеу бойынша берешегіміз жоқ. Жалақы уақтылы және толық төленеді".
Сонымен қатар, "БАС Карьер" басшылығы өндірістік персоналды материалдық қолдау үшін қосымша резервтер бөлу туралы шешім қабылдады. Ал сыйлықақының жартысы 15 қыркүйекке дейін, қалған сомасы 15 қазанға дейін төленеді.
"БАС Карьер" ЖШС үшін басым міндет әл – ауқатты жақсартуға және қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешу", - деп атап өтті компания.