29 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні сынап бағанасы күндіз +22...+27 °C-ты көрсетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы күндіз +24...+26 °C жылы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.