Павлодарлықтарды тана моншақ жасау шеберлік сабағына шақырады (ВИДЕО)
Кіру – тегін, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәліметінше, Әйгерім Алежанованың ұлттық нақыштағы «Тана моншақ жасау» шеберлік сабағы 15 наурыз күні сағат 11:00-де өтеді.
– Ежелгі заманнан келе жатқан бейнелеу өнерінің негізгі түрлерінің бірі – сәндік қолданбалы өнер. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері – ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасы. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші, ертедегі қыз-келіншектер, апа-әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдарын, шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік-сақиналарын тағып жүрген. Қазір де қыз-келіншектер күнделікті өмірде әшекейлер тағып жүреді, – дейді ұйымдастырушылар.
Шеберлік сағаты облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығының «ART-STUDIO» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram