+2°С,-20°С, қар: Павлодар облысында осы аптаға арналған ауа райы
Синоптиктер ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 қаңтарда боранды ауа райы болады.
4 қаңтарда облыстың солтүстік жартысында аздаған қар жауып, тұман түседі. Түнде -15...-20°С, ал күндіз -5...-10°С-қа дейін суытады.
5 қаңтарда облыстың солтүстік жартысында жауын-шашын түседі, боран, көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...-5°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытында секундына 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді.
Сенбіде қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -2...-7°С, күндіз -3...+2°С-қа дейін жылынады.
Жексенбіде де қар жауып, тұман түседі. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -0...-5°С, облыстың солтүстігінде -8°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы солтүстік бағытында секундына 9-14, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін соғады.