Павлодарда бір айда азық-түлік бағалары қаншалықты өсті?

Павлодарда бір айда азық-түлік бағалары қаншалықты өсті?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде қыркүйектегі тұтыну бағаларының индексі 101,4%-ды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында ет 3,4%-ға, сүт өнімдері 2,9%-ға, майлар мен тоң майлар – 2,8%-ға, кондитерлік өнімдер – 2,5%-ға, жұмыртқа – 1,5%-ға қымбаттады. Алкоголь және темекі өнімдерінің бағасы 4,4%-ға өсті.

Жемістер мен көкөністерден сәбіз 18,4%-ға, қырыққабат –16,2%-ға, картоп – 14,3%-ға, пияз –13,2%-ға, алма – 7,5%-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы көмірге 6,4%-ға, сұйытылған газға (баллонда) 3,5%-ға, бензинге – 2,3%-ға, киім-кешек пен аяқ киімге – 1,9%-ға, тұрмыстық техника – 1%-ға, фармацевтикалық өнімдері – 0,7%-ға қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету бөлігінде білім беру қызметтерінің бағасы 4,2%-ға, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 1,7%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясының тарифі 9,8%-ға өсті.