31 қазан күні Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

31 қазан күні Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, аймақтың басым бөлігінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауады.

Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде -1 градус салқын болады.

Павлодар қаласында бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы 2-4, күндіз 4-6 градус жылы болады.