4 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі

4 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі
Фото: Константин Шелков

Өңірде дауылды ескерту сақталады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің болжамынша, Қазақстанның барлық аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.Синоптиктер ылғалды ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдермен байланыстырады. 

Оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, күндіз солтүстік – батыста, солтүстікте және орталықта бұршақ жауады.

Павлодар облысында кешке дейін дауылды ескерту сақталады. Күндіз аймақтың батысы мен оңтүстігінде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батыс пен Солтүстікте төтенше өрт қаупі туралы ескертіледі. 

Күндіз ауа температурасы +29...+34 градусқа дейін көтеріледі.

Облыс орталығында жаңбыр күтілмейді. Сынап бағанасы +32... + 34 градусқа дейін көтеріледі.