4 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады

4 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. 

Түнде ауа температурасы -1-6 градус салқын болады. Облыстың оңтүстігінде + 2  градус, күндіз +11...+16 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Оңтүстік-шығыс желі секундына 5-10 метрді құрайды. Сынап бағанасы түнде ауа -1..-3 градус, күндіз +14...+16 градус көрсетеді.