Павлодарда мектеп оқушылары бизнес жобаларымен бөлісті
Арнайы байқаудың қорытындысы бойынша облыстық турға 33 қатысушы жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 ақпан күні оқушылар сарайында «Bala business» байқауының облыстық туры өткізілді. 5-11-сынып оқушылары қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және бизнес саласындағы өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды.
– Микрожасылды өсіру және сату, зергерлік бұйымдар жасау, қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық саласындағы бизнес-жобалар үлкен қызығушылық тудырды. Балалар «Кәдесый сағаттарын жасау», «2-5 жастағы балаларға арналған білім беру ойындары», «табиғи, емдік сабын», «Үйде табиғи шөптік емдік сабын дайындау», «kirart» интернет-дүкенінің ашылуы атты жобаларын ұсынды. Конкурс өмір сапасын дамытуға бағытталған оқушылардың әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларын анықтауға және одан әрі дамытуға ықпал етеді, – делінген хабарламада.
Байқау жеңімпаздары "Bala business holiday" жас кәсіпкер мектебінде оқытылады. Құрылған команда үшін оқыту бағдарламасы дайындалды, онда қатысушылар бизнес-тренерлерден, жаттықтырушылардан тренингтер өтіп, өңірдің жетекші бизнесмендерінен қолдау ала алады. Өз Start-up-жобаларын жүзеге асырған студенттер тартылады.
– Менің жобам «микрожасылдарды өсіру» деп аталады. Әрбір өсімдік көптеген дәрумендер мен пайдалы қасиеттерге ие. Әр түр әртүрлі аурулармен күресу үшін жеке қолданылады. Мысалы, шалғам ас қорытуы нашар адамдарға пайдалы, ал шпинат холестеринді төмендетеді. Егер өскіндерінде құнды дәрумендер бар бидай, сұлы, арпа гидропоникалық әдіспен өсірілсе, үй жануарларын аз шығынмен азықпен қамтамасыз етуге болады және бұл ретте жем энергетикалық құнды болады, – деді Ертіс ауданы Ұзынсу жалпы орта білім беретін 7-сынып оқушысы Болат Мансұр.
Байқаудың басты мақсаты жас кезінде кәсіпкерлік ойлауды дамыту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқыту процесіне тәжірибесі мол кәсіпкерлерді тарту қажет. Жоба жеңімпаздары «кәсіпкерлік негіздерін» оқып, бизнесті ұйымдастыруды үйренеді.
Жоба ұйымдастырушысы, әдіскер Аксана Фриктің айтуынша, осы сәттен пайда табуға, кәсіпкерліктің қыр-сырына бой алдыруға, бастаушы кәсіпкерге қажет қасиеттерді иеленуге мүмкіндік бар.