4 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады

4 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +5...+10°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +18...+23°C болады. Жауын-шашынсыз.

Павлодар қаласында түнде +6...+8°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі.

Күндіз сынап бағаны +20...+22°C дейін көтеріледі. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.