5 қарашада Павлодар облысында тұман түсіп, аспанды бұлт торлайды

5 қарашада Павлодар облысында тұман түсіп, аспанды бұлт торлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -2...-7°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +3...+8°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман сақталады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -2...-4°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +5...+7°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман сақталады.