Павлодарда құтқарушылар пәтердегі өрттің алдын алды (ВИДЕО)

Павлодарда құтқарушылар пәтердегі өрттің алдын алды (ВИДЕО)

Құтқару қызметі оқиға орнына келген кезде пәтердегі пештің үстінде тамақ қалғаны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД авариялық құтқару жұмыстары  қызметінің мәліметінше, сағат 19.00 шамасында «101» операторының пультіне Павлов көшесі, 30 мекенжайы бойынша үшінші қабатта пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама түскен. 

- Құтқарушылар жедел  әрекет етіп, балконға үш буынды саты орнату арқылы пәтерге кірді. Кіреберіс есікке зақым келтірмей, өрттің асүйге таралуына жол бермеді, - деді департаментте. 

Өрт сөндірушілер қала тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Пожарный из Павлодара (@maklaykin12)