Асайын Байханов өз таңдауын жасады
Облыс әкімі елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Мен де өз таңдауымды жасадым!, – деп жазды аймақ басшысы Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Өңірде 520 учаске жұмыс істейді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс тұрғындары үшін 510 мыңнан астам бюллетень дайындалған. Облыс орталығында референдумға орай 47 мекенжайда ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ тұрғындар қоғамдық көліктерде тегін жүреді.
Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке сүйенсек, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша облыста тізімдегі азаматтардың 14% өз таңдауын жасаған.