5 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

5 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі, шығысы мен орталығында желдің екпіні 23-28, кей уақытта 30 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C болады. Облыстың шығысында +8°C-қа дейін жетеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +7...+12°C болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Павлодарда түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр аралас қар жауады

Күндіз сынап бағаны +10...+12°C дейін ғана көтеріледі. Күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады.