5 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, оңтүстік, шығыста екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде +7....+12, күндіз +16...+21 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +8....+10, күндіз +18....+20 градус көрсетеді.