Павлодарда меланомаға тегін диагностикадан өтуге болады

Павлодарда меланомаға тегін диагностикадан өтуге болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ниет білдіргендерді дерматовенеролог қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

19 мамыр сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін, 14:00-ден 15:00-ге дейін Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының тері-венерологиялық орталығында тері қатерлі ісігінің –  меланоманың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өткізіледі.

Кеңес Щедрин көшесі, 63 мекенжайындағы «Е» корпус, тері-венерологиялық орталығында өтеді. Байланыс телефондары: 8 (7182)22-35-22, 22-55-01.