7 мамырда Павлодар облысында күн ыстық болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +7...+12 , күндіз +23...+28 градус болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +9...+11, күндіз +25...+27 градус көрсетеді.