7 қыркүйекте Павлодар облысында үсік жүреді

7 қыркүйекте Павлодар облысында үсік жүреді
Фото: Константин Шелков

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +3...+8 градус жылы болады. 

Облыстың оңтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз +15..+20  градус күтіледі. 

Павлодар қаласында түнде аздаған жаңбыр жауады.