8 ақпанда екібастұздық оқушылар сабақты онлайн оқиды

8 ақпанда екібастұздық оқушылар сабақты онлайн оқиды

Екібастұздағы мектептерде сабақ бүгін де қашықтықтан оқытылды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Екібастұз қаласы білім бөлімі мәлімдеді.

- Ертең, 2023 жылдың 8 ақпанында Екібастұз қаласының мектептері мен колледждерінде сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылатын болады, - делінген хабарламада.

Ал балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күнгі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қаланың ЖЭО-сында төрт қазандық жұмыс істеп тұрған.