9 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі

9 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, өңірде түнде ауа температурасы +7...+12°C, күндіз +15...+20°C болады.

Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C көрсетеді. Көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын түседі.