Аққулыда жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған ер адам қамауға алынды

Аққулыда жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған ер адам қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол медицина қызметкерлерін шақырту кезінде қорлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық соттың мәліметінше, 14 шілде күні Ямышево ауылында алкогольдік масаң күйде болған ер адам шақырту бойынша келген жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Сот оның кінәсін мойындауы мен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, азаматты екі тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Сонымен қатар сот үш ай мерзімге оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіледі. Осы уақыт ішінде оған алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынып, апта сайын учаскелік полиция инспекторына профилактикалық әңгімелесуге келіп тұру міндеттелді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.