Ақертіс Солтанбеков: «Музей тек жәдігерлерді сақтамауы керек»
Павлодарда «Музей түні» бастау алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Музей түні» дәстүрлі шарасы ұйымдастырылды. Бұл мәдение кеш өңірімізде 30 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Музей басшысы Ақертіс Солтанбековтың айтуынша, музей – зертханалық орталық.
- 21 ғасырда музей тек жәдігерлерді сақтап қалатын жер болмауы керек. Ол зертханалық орталық сияқты. Сурет жалпы ең бірінші шыққан өнердің түрі. Адамдар сөйлей алмағанға дейін сурет салу пайда болған,- дейді музей басшысы.
Музейдің үлкен залын жаңа көзғараспен жасалған туындылар толтырды. Нақтырақ айтқанда, кескіндеме, графика, ассамбляж, бейне және медиа-арт стиліндегі еңбектер ұсынылған. Ал кіші залда Әнуар Егенбаевтың суреттері ілінді. Сонымен қатар, холлда Елена Шангай атты павлодарлық фотографтың туындылары орын алды.
Шара соңында көрермендерге арналған рейв-кеші ұйымдастырылып, «Вернисаж» сән театрының авангардтық топтамалары көрсетілді.