Ақсу қаласында барлық тұрғын үйге ыстық су берілді

Ақсу қаласында барлық тұрғын үйге ыстық су берілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылу желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазіргі уақытта Ақсу шағын ауданы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етілген, жылу желілерінде ақаулар жоқ.

– Ақсу қаласы АЖҚ-2 қазандығы іске қосылды, гидравликалық режимдер сақталған. Барлық тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етілді, жылу тасымалдағыштың температурасы есептік көрсеткіштерге дейін көтерілуде, – деп хабарлады Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Ленин көшесі бойындағы жылу магистралін жөндеу жұмыстары аяқталды. 29 тамызға қараған түні №4, 6, 14 және 15 шағын аудандар ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Жылу желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталды, желілер ыстық суды беруге толық дайын және қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақсу қаласының әкімдігі (@aqsuakimdigi)