Ақсу ауылдық аймағында понтон көпірі батып кетті
Көпір Белая өзені арқылы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов Қанаш Қамзин ауылдық округінің Көктас ауылына жұмыс сапарымен барып, понтон көпірін тексерді.
– Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарлануда, – дейді Нұрлан Дүйсенбинов.
Сонымен қатар әкім баламалы жолдар да қарастырылатынын атап өтті. Яғни, техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға өтуі үшін паромдық өткелдер ұйымдастырылады.
Жаңа понтон көпірін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.