Ақсу кәсіпорнында жұмысшыларды күйік шалу бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақсу кәсіпорнында жұмысшыларды күйік шалу бойынша қылмыстық іс қозғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақсу қаласындағы зауыттың балқыту цехында пештен шихта материалдары шыққан. Салдарынан күйіп қалған үш қызметкер ауруханаға жеткізілді, – деді облыстық полиция департаментінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш зардап шеккен жұмысшы 1 тамызда сағат 23:35-те Ақсу қаласындағы ауруханаға жеткізілді. 1974 жылы туған қызметкерді дәрігерлер қарап шыққаннан кейін, амбулаториялық емделуге жіберілді. Оның жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деп бағалануда. 

1986 жылы туған екінші жәбірленушінің  травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ал үшінші жәбірленуші 35 жаста. Оның денесін 40-50 пайызын жалынның әсерінен термиялық күйік шалды. Ол реанимациялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақсыз. ӨЖЖ аппаратына қосылған. Барлық қажетті емдеу толық көлемде қабылданады.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс барысында үш қызметкерді күйік шалды. Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде.