Ақсу полицейлері жүргізушілерге жолдағы қараусыз малдың қаупі туралы ескертті

Ақсу полицейлері жүргізушілерге жолдағы қараусыз малдың қаупі туралы ескертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл сайын автожолдарда жылқы, ірі және ұсақ малдың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркеледі. Мұндай апаттар адам өліміне, түрлі жарақаттарға, көліктердің бүлінуіне және материалдық шығынға әкелуі мүмкін. Әсіресе түнгі уақытта немесе көру мүмкіндігі шектеулі кезде қауіп күшейеді.

– Құрметті тұрғындар! Егер жолдың жүру бөлігінде немесе оған жақын маңда қараусыз жүрген малды байқасаңыздар, бейжай қарамаңыздар. Мүмкіндігінше бұл туралы мал иесіне хабарлаңыздар немесе дереу полицияға мәлімдеңіздер. Уақытылы берілген ақпарат қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектесуі мүмкін, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Максим Кустанов.

Тәртіп сақшылары мал иелеріне қоршаулардың бүтіндігін тұрақты тексеріп, жануарлардың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеуді ескертті.

Ведомствода атап өткендей, ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және жаю қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.