Павлодар облысының әкімі еңбек демалысына шықты
Аймақ басшысы демалыс күндерін отбасымен және жақындарымен өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Облыс әкімі лауазымындағы бір жарым жыл ішіндегі тоғыз күндік яғни 5 тамызға дейін еңбек демалысына шығудамын. Бұйыртса, бұл күндерді отбасыммен, туыстарыммен және жақындарыммен өткізуді жоспарладым, – деді Асайын Байханов Instagram парақшасында.
Ол тұрғындарды толғандырған барлық сұрақтарды облыстың қалалары мен аудан әкімдерінің және әкімдіктердің ресми парақшаларына жазуға болатынын еске салды.