Ақсу зауытында өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті
Зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аккумулятордың №15 белгісінде жабдықтар мен сорғы майы шамамен 50 шаршы метр алаңда жануда.
– Жоғары температураның әсерінен төбе қаптамасы құлады. Салдарынан өрт сөндіруші зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, – деді департаментте.
Еске сала кетейік, «Қазхром» ТҰК АҚ АФЗ аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанды. Өрт кезінде көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылған. Екінші трансформатордың жануы тоқтатылған, трансформаторлық шахталардағы №15 белгіде электр сымдары жануда.
Оқиға орнында ТЖД-ның 53 қызметкері мен 13 техника жұмыс істеуде.