Ақсуда құбырдың жарылуы аурухананың қабырғаларын бұзды

Ақсуда құбырдың жарылуы аурухананың қабырғаларын бұзды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәселе шешімін табуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Ақсу қалалық аурухананың мүшкіл жағдайына шағымы бар бейнеүндеу жарияланды. Желі қолданушы медициналық нысанға кіріп, науқастар қандай ғимаратқа ем алу үшін бара жатқанын түсірді.

Осында адамдар рентгеннен өтеді, анализдер тапсырады. Бұл жердің сұмдық жағдайын көріңіздер. Қабырғалар бұзылып бара жатыр, құбырлар ағып кеткен, – деді тұрғын.

Бұл ретте аурухананың әкімшілігі мәселенің барын жасырмайды.

Жылумен жабдықтау жүйесіндегі құбырдың жарылуы нәтижесінде стационардың №1 корпусының 1-ші қабатының оң қанаты дәлізінің қабырғасы су астында қалды. Қазіргі уақытта зақым жойылды. Қабырғаларды тазарту және сылау жұмыстары жүргізілді. Кептіру аяқталғаннан кейін 7 қарашада бояу жұмыстары қолға алынады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз, – деді ауруханада.

Еске сала кетейік, биыл сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков аталмыш ауруханаға барған болатын. Өткен жылы аурухана 500 миллион теңгеден астам құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінгі таңда жабдықталу деңгейі 93 пайызды құрап отыр. 1971 жылы салынған ғимарат жаңғырту жұмыстарын қажет етеді – жұмыс істейтін блокты кеңейту, шатырды ауыстыру, перзентхана мен отбасылық денсаулық орталығын жөндеу, аумақты абаттандыру және жабық галерея салуды қамтитын ауқымды қайта құру жоспарланған.