Ақсуда балабақшаларға қабылдау басталды

Ақсуда балабақшаларға қабылдау басталды
Фото: Константин Шелков

Келісімшартқа онлайн түрде қол қоюға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, қабылдау 5 тамыздан басталады. Әзірге 887 орын бос, оның 68-і мектеп жанындағы топтарда, 52-сі 2020 жылы туған балаларға арналған. Орта топтарда 144 орын, кіші топтарда 542 орын бар. 2019-2021 жылы туған балаларды қамтитын әртүрлі жастағы топтарда 81 орын бар.

Бірінші кезекте тұрған ата-анаға бірыңғай база балабақшадағы бос орын туралы 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. Екі күн ішінде ата-ана жолдама алуды растау немесе орыннан бас тарту керек. Егер растаған жағдайда құжаттарды жинауға бес жұмыс күні беріледі. Содан кейін таңдалған балабақшаның басшылығы ЭЦҚ-кілтімен қол қойылған электрондық қызмет көрсету шартын жібереді.

Қалалық білім беру бөлімі Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен мектепке дейінгі балалар топтарында вакцина алмаған балалар он пайыздан аспауы керек екенін ескерткен болатын. Осыған байланысты мекеме басшысы баланы қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

Білім беру бөлімінің сайтында мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен қосымша танысуға болады.