Павлодарлық мұғалім: Өз пәніңді жақсы көрсең, оқушылардың көздерінде от жанады

Павлодарлық мұғалім: Өз пәніңді жақсы көрсең, оқушылардың көздерінде от жанады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

@Pavlodarnews.kz тілшісі қалалық №8 лицей-мектебінің математика пәні мұғалімі Лилия Стадниковамен әңгімелесіп, дарынды, білімді оқушыларды олимпиадаға қалай дайындау керектігін білді. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында талай оқушыны олимпиадаға дайындап жүрген мұғалімдердің бірі – Лилия Стадникова зияткер бала әртүрлі уақытта көзге түсетінін айттты.

– Дарынды оқушыларды бірден байқау оңай емес. Мысалы, бір бала бастауыш сыныптарда өзін көрсете білсе, енді бірі кейінірек ашылады. Ал ерте кезде қабілеті пайда болған балалар табандылықтың  жетіспеушілігінен білімін дұрыс бағытта қолдана алмайды, – деді №8 лицей-мектебінің математика пәні мұғалімі.

Оның сөзінше, олимпиадаға дайындалып жүрген бала үшін мұғалімнің қолдауы ауадай қажет. 

– Егер мұғалімнің көздерінде от болмаса, оқушыға шабыт пен ынта келмейді. Балалар бізден қызығушылық көріп, олар жеткісі келетін жетістіктері туралы армандарымызды білу қажет, – деді Лилия Стадникова. – Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, ал бұл үлкен күйзеліске әкеп соғады. Сондықтан оқушыларыммен бірге түрлі олимпиадаларға барғанда, математик ұстазы ретінде ғана емес, адам сияқты эмоционалды қолдау білдіру маңызды болады.

Лилия Стадникованың айтуынша, нәтижелі жолға жетудің сыры алғашқы қадамдардан бастау алады.

– 5-7-сыныптарға дейін кешіктірмей, бастауыш сыныптарда олимпиадаларға қатысып көру керек. Әрине, бала бірінші кезекте ата-анасының қолдауы мен сенімін сезіну тиіс, – деп атап өтті спикер. 

Математика пәні мұғалімінің пікірінше, жалпы ұстаз бен оқушының арасындағы бірегей жұмыстың арқасында Халықаралық, республикалық олимпиадаларда медаль алып, білім шыңдарын бағындыруға болады.