Ақсуда көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған қыз құтқарылды
Оқиға Астана көшесінде болған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеде сағат 21.20 шамасында Ақсу қаласы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардан үйлердің бірінің төбесінде жылап тұрған қыздың отырғаны және биіктіктен секіремін деп қорқытқаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары Диас Әленов пен Нұрболат Бейсекеев дереу шатырға көтеріліп, абайлап жақындаған. Әрі қарай әңгіме барысында тыныштандыра бастаған. Олар қыздың сырын тыңдап, моральдік қолдау көрсетті және қайғылы жағдайға жол бермеді, – деді департаментте.
Учаскелік офицерлер қыз баланы шатырдан түсуге көндіріп, оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Полицейлердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде қателікке жол берілмеді.