Ақсуда ток соққан қыздың жағдайы ауыр

Ақсуда ток соққан қыздың жағдайы ауыр

Бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаға барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралары жүргізілді

- 3 жас 9 айлық баланы жедел медициналық жәрдем бригадасы 3 маусым күні сағат 15:53-те оқиға орнынан Ақсу қалалық ауруханасына жеткізді. Қыз баланы субұрқақта шомылып жүрген кезінде электр тогы соққан. Бала ес-түссіз. Жағдайы ауыр, - делінген хабарламада. 

Жағдайдың ауырлығына байланысты реанимация бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі бойынша облыстық мамандармен кеңес өткізілді. Қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі жағдайында бақылау және емдеу жалғасуда.

Еске сала кетейік2019 жылы дүниеге келген қыз электр жарақаттарын алған.